Астанадағы маңызды жолайрықтардың бірі бір тәулікке жуық уақытқа жабылады

Автор: Алмас Ерсін

Жол жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіліп, жүргізушілерге бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылды

Фото: © istockphoto.com

Астанадағы ең қарбалас жолайрықтарының бірінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына сілтеме жасап.

Астанада Достық пен Сауран көшелерінің қиылысында бір тәулікке жуық уақытқа көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Бұған жол жабынын жөндеу жұмыстары себеп болмақ, деп хабарлады қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

Шектеу 28 маусым сағат 09:00-ден 29 маусым сағат 02:00-ге дейін күшінде болады. Жөндеу жұмыстары кезінде жол учаскесі толық емес, ішінара жабылады. Осыған байланысты жүргізушілерге кептелістің алдын алу үшін бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылды.

Ведомствоның мәліметінше, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аталған аумақта уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, жол жүру бағытын жоспарлау кезінде енгізілген өзгерістерді ескеру сұралды.