Президент Burabay Arena спорт сарайына барып, облыстың танымал спортшыларымен әңгімелесті

Автор: Асыл Арман

Мемлекет басшысына өңірдегі спорт және туризм салаларының даму барысы жөнінде баяндалды

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Burabay Arena спорт сарайына барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев кешендегі үстел теннисі, бассейн, және жаттығу залдарын аралап көрді. Мұнда спорттың алты түрі бойынша үйірмелер жұмыс істейді.

Мемлекет басшысына өңірдегі спорт және туризм салаларының даму барысы жөнінде баяндалды.

Сонымен қатар президент облыстың танымал спортшыларымен әңгімелесті.

«Атлеттер отандық спортқа жан-жақты қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты», – делінген хабарламада.