Қазақстандықтар енді елде алған жүргізуші куәлігімен БАӘ-де көлік жүргізе алады

Автор: Асыл Арман

Екі елдің ІІМ басшылары келісімге қол қойды

Фото: ЖИ арқылы жасалды/Google Gemini

Қазақстандықтар енді елде алған жүргізуші куәлігімен БАӘ-де көлік жүргізе алатын болды. Екі елдің ІІМ басшылары меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстанның Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің Біріккен Араб Әмірліктері премьер-министрінің орынбасары әрі Ішкі істер министрі Шейх Саиф бен Заид Әл Нахаянмен келіссөз өткізді. Құжатқа қол қою екі ел азаматтары үшін әкімшілік рәсімдерді жеңілдетуге және қосымша қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

ІІМ мәліметінше, жыл сайын Біріккен Араб Әмірліктеріне шамамен 400 мың Қазақстан азаматы барады. Сонымен қатар БАӘ аумағында 14 мыңға жуық қазақстандық азамат тұрақты түрде тұрады. Қол қойылған меморандум оларға жүргізуші куәліктерін пайдалану кезінде жеңілдіктер әкелмек.

Меморандум ұлттық жүргізуші куәліктерін өзара тануды, сондай-ақ құжатта көзделген жағдайларда оларды жеңілдетілген тәртіппен айырбастауды қарастырады.