26 маусымда елдің бірқатар өңірінде жаңбыр, найзағай, бұршақ пен қатты жел күтілсе, оңтүстік облыстарда аптап ыстық сақталады
26 маусым күні Қазақстанда жаздың аптап ыстығы сақталады. Елдің оңтүстігінде ауа температурасы +35...+41 градусқа дейін көтеріледі. Өңірлердің басым бөлігінде күндізгі температура +25 градустан жоғары болады. Солтүстік, батыс және шығыс өңірлердің кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей аумақтарда бұршақ түсіп, дауылды жел соғып, жел күшейеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада құбылмалы бұлтты. Түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +30...+32 градус.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +31...+33 градус.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +36...+38 градус.
Ақтөбеде бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз кей уақытта нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл тұрып, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +13...+15, күндіз +24...+26 градус.
Ақтауда құбылмалы бұлтты. Таңертең және күндіз кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +25...+27 градус.
Атырауда құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +27...+29 градус.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +32...+34 градус.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +27...+29 градус.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты. Күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +27...+29 градус.
Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +19...+21, күндіз +33...+35 градус.
Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +13...+15, күндіз +28...+30 градус.
Қызылордада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +23...+25, күндіз +36...+38 градус.
Павлодарда құбылмалы бұлтты. Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +32...+34 градус.
Петропавлда құбылмалы бұлтты. Түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +25...+27 градус.
Семейде құбылмалы бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрып, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +28...+30 градус.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +34...+36 градус.
Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +35...+37 градус.
Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +22...+24, күндіз +39...+41 градус.
Оралда құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +25...+27 градус.
Өскеменде құбылмалы бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрады. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +13...+15, күндіз +26...+28 градус.