Тек мемлекет рұқсат еткен автокөліктер ғана жолға шыға алады
Өзбекстанда демалыс күндері автокөліктердің жүруіне толықтай тыйым салынды деп хабарлайды жергілікті Nuz.uz порталы.
Арнайы мемлекеттік комиссияның шешімімен 25-26 шілде күндері мемлекет аумағында автокөлік құралдарының қозғалысы түгелімен тоқтатылған. Оның қатарында такси қызметі де бар.
Десе де, бұл шешім мемлекет бұған дейін жүруге рұқсат берген автокөлік құралдарына қатысты емес.
Биліктің пікірінше, коронавирустық инфекцияның таралуын бәсеңдету үшін адамдар екі күн демалысты үйде өткізулері керек.
Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігі кешегі сенбіде елде 395 адамның вирус жұқтырғанын анықтаған. Осылайша, КВИ-мен ауырғандардың жалпы саны 19 755 адамға жетіп отыр. 109 науқас қайтыс болған.