Мамандардың айтуынша, бұл өзгерістер көлік ағынын азайтуға мүмкіндік береді
Алматыда 25 маусымнан бастап үш көшенің бірнеше бөлігінде көлік қозғалысы біржақты бағытқа ауыстырылды. Бұл туралы қалалық Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жаңа схемаға сәйкес біржақты қозғалыс мына учаскелерге енгізілді:
Мамандардың айтуынша, бұл өзгерістер көше-жол желісінің өткізу қабілетін арттыруға, көлік ағынын азайтуға және жолдағы жанжалды жағдайларды қысқартуға мүмкіндік береді.
Басқарма өкілдері шешім көлік қозғалысына жүргізілген талдау нәтижесінде және аудан тұрғындарының өтініштерін ескере отырып қабылданғанын атап өтті.
«Жаңа схема көлік қозғалысын реттеуге және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді деп күтіліп отыр. Біржақты қозғалыс пилоттық режимде енгізіліп отыр. Қабылданған шаралардың тиімділігіне мониторинг жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша аталған учаскелердегі жол қозғалысын ұйымдастыруға қатысты қосымша шешім қабылданады», – деп хабарлады қала әкімдігі.