Елдің басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ пен қатты жел күтіледі. Бірқатар өңірде ауа температурасы +38 градусқа дейін көтеріліп, жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады
25 маусымға синоптиктер Астана қаласы, Алматы және Қазақстанның барлық облыстарында дауылды ескерту жариялады. Ел аумағында жаңбыр, найзағай, бұршақ, екпінді жел, кей жерлерде нөсер жаңбыр мен тұман күтіледі. Сонымен қатар ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық сақталады. Көптеген өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл болуы мүмкін. Батыстан және оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні күндіз 15-20 м/с-қа жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысында түнде облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі, солтүстік пен шығыста нөсер жаңбыр мен дауыл болуы мүмкін. Батыстан және оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні облыстың солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың батысы мен оңтүстігінде жоғары, ал шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Желдің екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Күндіз жаңбыр мен найзағай болады, солтүстік пен оңтүстікте қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Батыстан және солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, күндіз дауыл болуы мүмкін. Таңертең тұман күтіледі.
Қостанай облысында облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз бұршақ пен дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі.
Павлодар облысында түнде облыстың батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысы мен солтүстігінде бұршақ және дауыл күтіледі. Батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с-қа жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі бар. Павлодарда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін.
Қарағанды облысында облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз бұршақ түсіп, дауыл күтіледі, шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с-қа дейін күшейеді. Жоғары өрт қаупі сақталады, ал батысы, шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар. Қарағандыда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз бұршақ пен дауыл күтіледі. Орталық бөлігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін. Жоғары өрт қаупі сақталады, оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі бар. Жезқазғанда күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында түнде облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында қатты жаңбыр, бұршақ пен дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігі мен орталығында төтенше өрт қаупі бар. Өскеменде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ пен дауыл болуы мүмкін.
Абай облысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында қатты жаңбыр, бұршақ пен дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың оңтүстігінде күндіз 35 градусқа дейін аптап ыстық болады. Жоғары өрт қаупі сақталады, ал батысында, солтүстік-шығысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар. Семейде жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз бұршақ пен дауыл күтіледі.
Алматы облысында облыстың оңтүстігі мен таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15-20 м/с. Күндіз ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтеріледі. Жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі бар. Қонаевта күндіз 35 градусқа дейін ыстық болады, желдің екпіні 15-20 м/с.
Алматыда қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15 м/с. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында облыстың шығысында және таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз орталық бөлігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Алакөл көлдері ауданында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз 35 градусқа дейін аптап ыстық болады. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде жоғары, ал шығысы, батысы және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда таңертең және күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін.
Жамбыл облысында таулы аудандарда қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні таулы аймақтарда 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың солтүстігі, оңтүстігі және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, ал солтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Түркістан облысында түнде таулы аудандарда қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады. Желдің екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында облыстың оңтүстігінде төтенше, ал орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында да төтенше өрт қаупі бар.
Ақтөбе облысында облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады, түнде және таңертең тұман түседі.
Атырау облысында күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай болады, бұршақ түсуі мүмкін. Жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында күндіз жаңбыр жауып, найзағай күтіледі.
Маңғыстау облысында облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде облыстың батысында тұман түседі. Жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында түнде облыстың батысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз облыстың шығысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні облыстың батысы мен шығысында 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.