Ертіс өзеніне батып кеткен бозбала мен ер адамның мәйіті табылды

Автор: Асыл Арман

Оларды іздеуге ТЖД, полиция қызметкерлері, еріктілер және жергілікті тұрғындар атсалысты

Фото: instagram.com/poiskoviki_pavlodara_vita/

Павлодар облысында Ертіс өзеніне батып кеткен жасөспірім мен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

16 маусым күні 17 жастағы Марк Коновалов мотоциклмен Павлодар ауданындағы «Алтын құм» («Золотые пески») жағажайына қарай шығып кеткен, содан кейін достарымен бірге суға түскен. Достары оның көз алдарында батып кеткенін айтты.

21 маусым күні Павлодар қаласының орталық жағалауы маңында 32 жастағы Рунар Мусин жоғалып кетті.

Жоғалғандарды іздеу жұмысын Төтенше жағдайлар департаментінің, Полиция департаментінің қызметкерлері, еріктілер және жергілікті тұрғындар жүргізді.

Екеуінің де мәйіті 23 маусым күні Ертіс өзенінен табылды. Жасөспірімнің мәйіті оңтүстік су қоршауынан, ал ер адамның мәйіті де іздестіру жұмысы барысында табылды.