Микроқаржы ұйымының көмегімен жасалған қылмыстан 70 азамат зардап шеккен
БҚО-да микроқаржы ұйымдары арқылы жасалған ірі алаяқтықтың беті ашылды. Прокуратураның мәліметінше, биыл 4 ақпан күні белгісіз тұлға микроқаржы ұйымы арқылы Қазақстан Республикасының азаматының атына заңсыз несие рәсімдеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жәбірленуші онлайн-несие алуға биометриялық деректер ұсынбағаны анықталды, ал оның орнына алаяқтық жолмен үшінші тұлғаның мәліметтері қолданылған.
Сол сияқты белгісіз біреулер өзге микроқаржы ұйымы арқылы еліміздің азаматына заңсыз несие рәсімдеп, қаражатты дропперлердің шоттары арқылы басқа тұлғаға аударған.
«Микроқаржы ұйымының көмегімен жасалған қылмыстан 70 азамат зардап шеккен. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Осы орайда прокуратура азаматтарды өз жеке деректерін құпия сақтау қажеттігін ескертеді», – делінген прокуратураның хабарламасында.