Баянауылда дала өрті тікұшақтың көмегімен сөндірілді (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Күркелі ауылынан 27 шақырым жерде ашық аумақта шөп өртенген

Фото: Видеодан скрин

Павлодар облысындағы Баянауыл ауданында дала өрті тікұшақтың көмегімен сөндірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Күркелі ауылынан 27 шақырым жерде ашық аумақта шөп өртенген. Өрттің тез таралуына байланысты оны сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, орманшылар мен еріктілер жұмылдырылды.

Өртті әуеден сөндіру жұмысына «Қазавиақұтқару» тікұшағы жұмылдырылды. Әуе техникасы Шалқаркөл көлінен су алып, жалпы көлемі шамамен 13 тонна болатын 5 мәрте су төкті.

Бірлескен күш-жігердің нәтижесінде өрт толықтай сөндірілді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.