Астанада 13 қабатты тұрғын үйден өрт шықты

Автор: Асыл Арман

Өрт сөндірушілер қазіргі сәтте қызыл жалынды сөндіріп жатыр

Фото: Видеодан скрин

Астанада Байқоңыр ауданында орналасқан 13 қабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер қазіргі сәтте Отырар көшесінде орналасқан 13 қабатты тұрғын үйде шыққан өртті сөндіріп жатыр.

«Оқиға орнына алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте жоғарғы қабаттардағы балкондардың өртеніп жатқаны байқалды. Жедел қабылданған шаралардың арқасында ашық жалын сөндірілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ», – делінген хабарламада.