«Жаралы жүрек»: «Астана» арнасы әлемдік деңгейдегі телехикаяны көрерменге ұсынады

Автор: Асыл Арман

Телехикая 24 маусымнан бастап «Астана» арнасында күн сайын сағат 21:00-де қойылады

Фото: «Астана» арнасы

Кек пен махаббат тоғысқан тағдырлы хикая. «Астана» арнасында әлемдік деңгейде үлкен аудитория жинаған «Жаралы жүрек» телехикаясының тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Телехикаядағы басты оқиға бір-бірімен көп жылдан бері жауласып келе жатқан екі әулеттің төңірегінде өрбиді. Қанды кек пен өшпенділік талай тағдырды тәлкекке салған. Осы қақтығысты тоқтату үшін әулет мұрагері Баран Қарабей мен Дилан Демир амалсыздан некеге тұрады. Бастапқыда бұл екі отбасы арасындағы жанжалды тоқтатудың жолы ретінде қарастырылған. Алайда, уақыт өте келе екі жастың қарым-қатынасы шынайы сезімге ұласады.

«Жаралы жүрек» бірнеше маусым бойы көрсетілген ауқымды жоба айналды. Сериал Түркияда ғана емес, ТМД елдерінде, Таяу Шығыста және басқа да өңірлерде кең аудитория жинады. Басты рөлдерді түрік актерлері Барыш Бакташ пен Ягмур Юксел сомдайды. Олар Баран мен Диланның ауыр тағдырын, ішкі жан дүниесін және махаббат жолындағы күресін әдемі жеткізе білді. Көрермен қызығушылығының артуына актерлердің үйлесімді ойыны да үлкен ықпал етті.

«Жаралы жүрек» – махаббаттың кез келген кедергіні жеңе алатынын көрсететін әсерлі драма. Мұнда отбасылық тартыс, сезім, сатқындық пен үміт астасып жатады. Ауыр тағдырлар мен шынайы эмоцияларға толы оқиға көрерменді бейжай қалдырмайды деп сенем зор.

24 маусымнан бастап «Астана» арнасында күн сайын сағат 21:00-де «Жаралы жүрек» телехикаясы көрермен назарына ұсынылады.