Қайғылы жол апатынан тағы бес адам жараланды
Астана – Қорғалжын тасжолында 21 маусым күні үш көлік соқтығысып, ірі жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Kia, Toyota Fortuner және Toyota Land Cruiser автокөліктері соқтығысып қалған. Соқтығыс салдарынан екі жол талғамайтын көлік толықтай өртеніп кеткен.
Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, жол апатынан бес адам қаза тауып, тағы бес адам түрлі дәрежедегі жарақаттармен медициналық мекемелерге жеткізілді.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері жол апатының барлық мән-жайын анықтауда.