Аптаның алғашқы күні еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі
«Қазгидромет» синоптиктері 22 маусым, дүйсенбі күнге арналған ауа райының жалпы болжамын жариялады. Аптаның алғашқы күні еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Дүйсенбі күні республиканың басым аумағында найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп болжануда. Еліміздің батыс және солтүстік-батыс өңірлерінде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсуі және қатты дауыл соғуы мүмкін. Орталық облыстарда ешқандай жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады. Сонымен қатар республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, ал солтүстік пен солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түседі.
Жауын-шашынға қарамастан, күндіз Қазақстанның басым бөлігінде өте қатты ыстық болады. Алматы, Жамбыл, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай, Жетісу, Ұлытау, Ақтөбе (оңтүстігінде) және Қарағанды (батысы мен оңтүстігінде) облыстарында ауа температурасы +35...+38°C аралығында болады. Қызылорда облысында, Павлодар облысының оңтүстігінде және Ұлытау облысының батысы мен оңтүстігінде күндіз аптап ыстық +40...+42°C деңгейіне дейін жетеді.
Ауа райының ысуына байланысты еліміздің басым бөлігінде өрт қаупі жоғары. Қызылорда, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Абай, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарының бірқатар ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.