Заң бұзушыларға қатысты хаттама толтырылып, тиісті әкімшілік айыппұл салынды
Әлеуметтік желіге қызықты контент түсіремін деп, жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған атыраулық тұрғындар полицияның құрығына түсті. Тәртіп сақшылары бейнебажазба авторларын анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен полиция басқармасы желіге мониторинг жүргізу барысында қауіпті видеоны байқаған. Оқиға 16 маусым күні сағат 11:30 шамасында Сұлтан Бейбарыс даңғылында болған.
Көлік қозғалысы кезінде 37 жастағы жолаушы терезеден белшесінен шығып, қатар келе жатқан өзге көліктегі жолықтырушысына стақанмен белгісіз сусын құйып берген. Желі белсенділері бұл әрекеттері арқылы аудитория жинауды көздеген. Бірақ бұл трюктің арты айыппұлға әкелетінін ескермеген.
Тәртіп сақшылары көлік жүріп бара жатқанда терезеден шығу жолаушылардың өміріне үлкен қауіп төндіретінін алға тартты.
«Автокөлік қозғалысы кезіндегі кез келген әрекет қауіпсіз болуы тиіс. Әлеуметтік желі үшін контент жасау ешкімді жол қозғалысы ережелерін сақтаудан босатпайды», — деп мәлімдеді департамент өкілдері.
Заң бұзушыларға қатысты хаттама толтырылып, тиісті әкімшілік айыппұл салынды.