Бұған дейін «Қазпоштаны» Сәкен Сәрсенов басқарған болатын
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басшылығының шешімімен Қанат Қалиұлы Алпысбаев «Қазпошта» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Ұлттық қордың баспасөз қызметі хабарлады.
Бұған дейін Қанат Алпысбаев «Самұрық-Қазына» қорында Логистика және халықаралық серіктестік жөнінде басқарушы директор қызметін атқарған. 2008-2018 жылдар аралығында «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясында түрлі қызметте болды.
Бұған дейін «Қазпошта» АҚ-ын басқарған Сәкен Сәрсенов басқа қызметке ауысуына байланысты орнын босатқан.