Павлодар облысында екі көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты

Қайғылы оқиға «Омбы – Майқапшағай» автожолында болды

Павлодар облысында екі көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты
Фото: Павлодар облысы ПД

Павлодар облысының Аққулы ауданы аумағындағы «Омбы – Майқапшағай» автожолында Changan CS75 және Skoda Rapid автокөліктері соқтығысып қалды. Оқиға салдарынан Skoda автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Екінші автокөліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жол-көлік оқиғасы бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазір автокөліктер мамандандырылған айып тұрағына қойылды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.

«Полиция департаменті осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, жылдамдық режимін бұзбауды, әсіресе көлік қозғалысы қарқынды учаскелерде сақ болуды және көлік құралдарының техникалық жағдайын тұрақты бақылауда ұстауды ескертеді», – делінген ПД хабарламасында.