«Әділет» партиясында ЕҚЫҰ ДИАҚБ өкілдерімен кездесу өтті

Кездесуде «AMANAT» партиясының «Әділет» партиясына қосылу барысы талқыланды

«Әділет» партиясында ЕҚЫҰ ДИАҚБ өкілдерімен кездесу өтті
Фото: «Әділет» партиясының Telegram-каналы

«Әділет» партиясы Саяси кеңес Бюросының мүшелері Рауан Кенжеханұлы мен Гүлзира Атабаева Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы (ЕҚЫҰ ДИАҚБ) Сайлау департаменті директорының орынбасары Ульви Ахундлу және сол департаменттің аға кеңесшісі Елена Ковалевамен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Әділет» партиясының ресми сайтына сілтеме жасап. 

Басқосу барысында тараптар Қазақстандағы партиялық жүйенің дамуы, саяси ұйымдардың азаматтармен өзара қарым-қатынасы және партиялардың сайлау барысына қатысу мәселелерін талқылады.

Кездесуде «AMANAT» партиясының «Әділет» партиясына қосылу барысы талқыланды. ЕҚЫҰ ДИАҚБ өкілдері аталған үдерісті іске асырудың ұйымдастырушылық және құқықтық аспектілеріне қызығушылық танытты.

Жиынға қатысушылар демократиялық институттарды одан әрі дамыту жолында ашық диалог пен тәжірибе алмасудың маңызын атап өтті.

Айта кетейік, 2026 жылғы 14 маусымда өткен «Әділет» партиясының II съезінде делегаттар «AMANAT» партиясының «Әділет» партиясына қосылуын бірауыздан қолдаған еді.