Қазақстанда ондаған мың электромобиль бар: олардың басым бөлігі – Алматыда

Автор: Асыл Арман

Мамыр айында Қазақстанда 147,7 мыңнан астам көлік тіркелді

Фото: freepik.com

Қазақстанда 2026 жылдың мамыр айында 147,7 мың автокөлік құралы есепке қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Есепке қойылған көліктердің ішінде 129 мыңы – жеңіл автомобиль, 8,7 мыңы – жүк көлігі, 1,3 мыңы – автобус, 1,6 мыңы – мотоцикл, 3,6 мыңы – тіркеме және 3,3 мыңы өзге де көлік түрлері.

2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша елде барлығы 5 млн 995 мың автокөлік тіркелген.

Автопарктің құрылымы мынадай:

  • 84,2% – жеңіл автомобильдер;
  • 8,0% – жүк көліктері;
  • 4,3% – тіркемелер;
  • 1,5% – автобустар;
  • 1,2% – мотоциклдер;
  • 0,8% – өзге көлік құралдары.

Статистикаға сәйкес, елдегі көліктердің басым бөлігі бензин пайдаланады:

  • 80,0% – бензин;
  • 7,6% – дизель отыны;
  • 6,5% – аралас отын түрі;
  • 0,4% – газ-баллон жабдығы.

Сонымен қатар электр көліктерінің саны артып келеді. Маусым айының басындағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 32 479 электромобиль тіркелген. Бұл жалпы автопарктің 0,5%-ын құрайды.

Электромобильдердің ең көп саны мына өңірлерде тіркелген:

  • Алматы – 17 506;
  • Астана – 3 235;
  • Алматы облысы – 2 857;
  • Шымкент – 1 042.