Қарағандыда тыйым салынған жерде шомылған бозбала суға батып кетті

Қайғылы оқиға 17 маусым күні «Голубые пруды №2» жасанды су айдынында болды

Қарағандыда тыйым салынған жерде шомылған бозбала суға батып кетті
Фото: © magnific.com / pasindu88

Қарағанды қаласындағы «Голубые пруды №2» жасанды су айдынында қайғылы оқиға болды. Шомылуға тыйым салынған жерде суға түскен 16 жастағы жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайғылы оқиға 17 маусым күні болған.

«Оқиға туралы құтқару қызметіне көз жұмған жасөспірімнің қасында болған екі досы хабарлады», – деп мәлімдеді Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

ТЖД мамандары азаматтарға суға түсу тек арнайы жабдықталған жағажайлар мен демалыс орындарында ғана рұқсат етілетінін еске салды.

«Тыйым салынған және бейтаныс жерлерде суға түспеңіздер, өз мүмкіндіктеріңізді асыра бағаламаңыздар және балаларды су жағасында қараусыз қалдырмаңыздар. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау адам өмірін сақтап, қайғылы жағдайлардың алдын алуға көмектеседі», – деп үндеу жасады ведомство өкілдері.