Тараптар жоғары деңгейде келіссөздер жүргізеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 18-20 маусым күндері Черногория президенті Яков Милатович Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорданың мәліметінше, 19 маусымда тараптар жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіп, саяси диалогты нығайту, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық перспективасын талқылайды.