Атырауда толғағы қысқан келіншек көлік кептелісінде қалып қойды: оған полицейлер көмек көрсетті

Автор: Асыл Арман

Оқиға Жылыой ауданында болды

Фото: istockphoto.com

Атырауда толғағы қысқан келіншек көлік кептелісінде қалып қойды. Оған алғаш болып полицейлер көмекке жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Патрульдік полицияның жедел әрекетінің арқасында Жылыой ауданында тағы бір сәби аман-есен дүниеге келді.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, көлік кептелісінде толғағы қысқан жүкті әйелге көмек көрсеткен тәртіп сақшылары оны перзентханаға дер кезінде жеткізді. Нәтижесінде дені сау қыз бала өмірге келді.

«Жас ана мен нәрестенің жағдайы жақсы. Отбасы полиция қызметкерлеріне шынайы алғысын білдірді», – делінген ПД хабарламасында.