Аптап ыстық күндер келе жатыр: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы 43 градусқа дейін көтеріледі

Автор: Асыл Арман

Елдің солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында қатты жаңбыр жауады

Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері ауа райына негізінен атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуі мен биіктік жырасының әсері ықпал етеді.

Осыған байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Найзағай ойнап,е өткінші жаңбыр жауады, елдің солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Бұршақ жаууы, желдің күшеюі болжанып отыр.

«19-20 маусымда еліміздің батысында ауа температурасы 40-43 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады. Республиканың қалған аумағында ауа температурасының күрт өзгеруі күтілмейді», – делінген синоптиктердің болжамында.