Алматыда жасырын цехтан 100 тоннаға жуық дәрі-дәрмек тәркіленді

Автор: Azattyq Rýhy

Цех жалған дәрі жасаған

Фото: ашық дереккөзден

Алматыда жалған дәрі-дәрмек дайындайтын жасырын цех пен қойма анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Алматы қаласының прокуратурасын сілтеме жасап.

«Ротоцеф», «Солкасерил», «Регидрон оптим», «Кальций Д3 никомед», «Цефамед», «Цераксон», «Цефтазидин» және т.б. сауда атауларымен сату жоспарланған 100 тоннаға жуық күмәнді дәрі-дәрмек тәркіленді. Осылайша, құқық қорғау органдары күмәнді дәрі-дәрмектерді ел аумағында көтерме және бөлшек сауда желісі арқылы заңсыз өткізуге әрекет етудің жолын кесті», - деп жазылған хабарламада.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды.