«Семей орманы» аумағында бір күнде 14 жерден өрт шықты (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Орманшылар өрт ошақтарын бақылауда ұстап отыр

Фото: Видеодан скрин

«Семей орманы» аумағында 16 маусым күні 14 жерден өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Өрт туралы келіп түскен хабарларға және орман күзеті қызметкерлерінің үйлесімді іс-қимылдарына жедел ден қоюдың арқасында өрттер мемлекеттік орман қорына елеулі залал келтіруді болдырмай, ең төменгі алаңдарда (өрттермен өткен алаң 0,47 га құрады) оқшауландырылды және жойылды», – деп жазады Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті.

Айта кетейік, 2023 жылдың жазында «Семей орманы» аумағында 30 мың гектарға жуық жер алапат өртке оранған болатын.