Қазақстанда 17 маусымда жазғы аптап сақталады: кей өңірлерде жаңбыр мен найзағай күтіледі
Елдің оңтүстігі мен орталығында ауа температурасы +37 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстік, батыс және орталық өңірлердің кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды
Қазақстанда 17 маусым күні жазғы ыстық ауа райы сақталады. Елдің оңтүстік және орталық өңірлерінде ауа температурасы +35...+37 градусқа дейін жетеді. Ал солтүстік, батыс және орталық аймақтардың жекелеген аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшеюі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +31...+33°C болады.
Алматыда құбылмалы бұлтты. Күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел екпін алады. Түнде +21...+23°C, күндіз +33...+35°C.
Шымкентте құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +33...+35°C.
Ақтөбеде жауын-шашынсыз, күн ашық болады. Түнде +17...+19°C, күндіз +30...+32°C.
Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Түнде +20...+22°C, күндіз +28...+30°C.
Атырауда жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +21...+23°C, күндіз +32...+34°C.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Температура түнде +20...+22°C, күндіз +35...+37°C.
Қарағандыда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады, кей жерлерде бұршақ күтіледі. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +31...+33°C.
Көкшетауда түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтіледі. Температура түнде +16...+18°C, күндіз +27...+29°C.
Қонаевта күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады, желдің екпіні күшейеді. Түнде +21...+23°C, күндіз +34...+36°C.
Қостанайда күндіз жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Температура түнде +16...+18°C, күндіз +28...+30°C.
Қызылордада күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +21...+23°C, күндіз +35...+37°C.
Павлодарда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде +18...+20°C, күндіз +30...+32°C.
Петропавлда бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Температура түнде +16...+18°C, күндіз +26...+28°C.
Семейде жауын-шашын күтілмейді. Түнде +16...+18°C, күндіз +31...+33°C.
Талдықорғанда түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +32...+34°C.
Таразда таңертең және күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +20...+22°C, күндіз +33...+35°C.
Түркістанда өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі, жел күшейеді. Температура түнде +21...+23°C, күндіз +35...+37°C.
Оралда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауылды жел соғуы мүмкін. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +28...+30°C.
Өскеменде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде +16...+18°C, күндіз +31...+33°C болады.