25 шілдеде бірнеше облыста найзағай ойнап, жаңбыр жауады
25 шілдеде Қазақстанның алты облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады. Бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан жел кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында 25 шілдеде жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз 15-20 м/с күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ жауады. Желдің жылдамдығы 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді. Семей қаласында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
26-28 шілдеде Алматы облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік- батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 18-23 м/с, екпіні 30 м/с асады.
Ақмола облысында кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі.
Нұр-Сұлтан қаласында 25 шілдеде күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақыттарда найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, шаңды дауыл сақталады. Күндіз 40 градус қатты ыстық, өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. 15-20 м/с жел соғады.