Қазақстан Ұлттық банкінің 16 маусымға белгілеген ресми доллар бағамы белгілі болды
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 487,17 теңгені құрап, 3,94 теңгеге арзандады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Ұлттық банкінің 16 маусымға белгілеген ресми доллар бағамы – 491,37 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 487,87 теңге, ал сату бағамы 490,14 теңге болып тұр.
Астанадағы айырбастау пунктерінде доллар орта есеппен 485 теңгеден сатып алынып, 492 теңгеден сатылып жатыр.
Шымкент қаласындағы айырбастау пункттерінде доллардың сатып алу бағамы орта есеппен 487,64 теңгені, ал сату бағамы 489,73 теңгені құрайды.