БҚО-да үш көлік соқтығысып, екі адам оқиға орнында көз жұмды

Автор: Асыл Арман

Қайғылы оқиға 15 маусым күні шамамен сағат 18:50-де Теректі-Ақсай тасжолында болды

Фото: ЖИ арқылы жасалды/Google Gemini

Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апаты болып, үш көлік соқтығысып қалды. Салдарынан екі әйел адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мой город» басылымының мәліметінше, қайғылы оқиға 15 маусым күні шамамен сағат 18:50-де Теректі-Ақсай тасжолының 52-шақырымында болған.

Алдын ала деректер бойынша, 1973 жылы туған жүргізушінің Toyota Prado көлігі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Volkswagen Tiguan автокөлігімен соқтығысқан. Кейіннен Toyota Prado көлігі Toyota Land Cruiser 200 автокөлігіне де соғылған.

Апат салдарынан Toyota Prado көлігінде болған 1971 және 1974 жылы туған екі әйел оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмды. Сонымен қатар, түрлі жарақат алған бірнеше адам ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта жол апатының барлық мән-жайы анықталып жатыр.