15.06.2026, 10:04
Жаңалықтар
Алматыда бойжеткен Сайран көліне батып өлмек болды (ВИДЕО)
Алматы құтқарушылары қайғылы жағдайдың алдын алды
Фото: Видеодан скрин
Алматыда бойжеткен қаланың қақ ортасындағы Сайран көліне батып өлмек болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, Алмалы ауданындағы Сайран көлін патрульдеу барысында Алматы ТЖД Құтқару қызметінің қызметкерлері суицид жасау әрекетінің алдын алды.
Жағалауда кезекшілікте болған құтқарушылар батып бара жатқан қызды байқап, оны жедел түрде судан алып шығып, жағаға жеткізді. Жәбірленушіге қажетті көмек көрсетілді.
«ТЖМ азаматтарды өз өміріне жауапкершілікпен қарауға және қажет болған жағдайда мамандардың көмегіне жүгінуге шақырады», – делінген ТЖМ хабарламасында.
Көп оқылған
31.07.2026, 09:27
«Алдымыздан ешкім өткен жоқ»: марқұм Ұлдана Мырзуанның анасы экс-күйеу баласына қатысты видеоүндеу жасады
31.07.2026, 13:48
Жамбыл облысында ер адам көлігінің капотына 8,5 келі гашиш жасырып, Алматыға жеткізбек болған (ВИДЕО)
31.07.2026, 14:12
Сербияда 6-қабаттан құлаған қазақстандық бойжеткен көз жұмды