Қазақстанның қонақүй бизнесі мен туризм саласында өсім байқалды
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың бірінші тоқсанында елдегі туризм секторы тұрақты өсім көрсеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Осы кезеңде 2,47 миллион Қазақстан азаматы шетелге шықса, елімізге 3 миллион шетелдік және ішкі турист саяхаттаған. Еліміздегі қонақ үй мен шипажайдың санына 4 505 нысан қосылып, өткен жылмен салыстырғанда 192 нысанға көбейген.
Туристерге көрсетілген қызмет көлемі 69,4 миллиард теңгені құрап, 13,9%-ға артқан.