Ұзын-сонар кептелістегі көліктерінің видеосы әлеуметтік желіде қатты таралып жатыр
Қазақстан мен Ресей шекарасындағы, Павлодар облысындағы «Қосақ» шекара бекетінде көкөніс тиеген жүздеген көлік кептеліп тұр. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жағдайға қатысты комментарий берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
«Қазір Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Қосақ» (Павлодар облысы) өткізу пунктінде жүк көліктерінің кептелесі байқалады. Жағдай жеміс-жидек пен көкөніс өнімдерін тасымалдаудың маусымдық артуына байланысты. Күту уақытын барынша азайту үшін өткізу пункті күшейтілген режимде жұмыс істеп тұр, қажетті шаралар қабылданып жатыр», - деп хабарлайды Шекара қызметі.
Шекара қызметі Павлодар облысында «Шарбақты» және «Үрлітөбе» халықаралық өткізу пункттері де жұмыс істейтінін еске салған. Солтүстік Қазақстан облысында «Жаңа Жол», «Қарақоға» және «Қызыл Жар» өткізу пункттері жұмыс істейді.
«Бұдан бөлек, белгілі бір күнге бос орындардың бар-жоғын нақтылауға және шекарадан өту уақыты мен орнын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік беретін электрондық кезек жүйесі жұмыс істейді. Бұл өткізу пунктіне түсетін жүктемені азайтуға септігін тигізеді және тасымалдаушылар үшін процестің алдын ала болжамды болуын қамтамасыз етеді. Мысалы, «Қосақ» өткізу пункті күніне шамамен 220 көлікті өткізе алады. Осы жағдайды ескере отырып, қозғалысты баламалы бағыттар арқылы алдын ала түзетуді сұраймыз», - деп хабарлаған шекара бекеті.