14 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады

Автор: Алмас Ерсін

Солтүстік пен батыста жаңбыр, бұршақ және қатты жел күтілсе, оңтүстік пен шығыста аптап ыстық сақталады

Фото: © istockphoto.com

14 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Елдің оңтүстік өңірлерінде аптап ыстық сақталып, ауа температурасы 35-37 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +26…+28°C болады.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +31…+33°C.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +35…+37°C.

Ақтөбеде құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +22…+24°C.

Ақтауда құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +27…+29°C.

Атырауда құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +30…+32°C.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +27…+29°C.

Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +27…+29°C.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +25…+27°C.

Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +31…+33°C.

Қостанайда құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +23…+25°C.

Қызылордада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +32…+34°C.

Павлодарда құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +29…+31°C.

Петропавлда құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +24…+26°C.

Семейде құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +31…+33°C.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +32…+34°C.

Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20…+22°C, күндіз +34…+36°C.

Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +35…+37°C.

Оралда құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +26…+28°C.

Өскеменде құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +30…+32°C.