Қарағандыдағы ішкі істер министрлігінің академиясы қызмет бабында қаза тапқан түлектерді еске алды

Биыл академия 53-інші түлектеріне диплом табыстады

Қарағандыдағы ішкі істер министрлігінің академиясы қызмет бабында қаза тапқан түлектерді еске алды
Фото: polisia.kz/

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының саптық алаңында оқу орнының 53-інші түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Полицияның мәліметіне сүйенсек, биылғы жас офицерлер легін құттықтауға ІІМ өкілдері, Қарағанды облысының активі, құқық қорғау органдарының басшылары, ардагерлер және түлектердің ата-аналары қатысты.

Салтанатты шара академия туын сап алдына шығару және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталды. Академия бастығының міндетін атқарушы О.Сейтжанов пен ІІМ жеке құраммен жұмыс жөніндегі департаментінің бастығы О.Мырзабеков түлектерге дипломдарын табыстап, алдағы қызметтеріне табыс тіледі.

Іс-шара барысында қатысушылар қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан академия түлектерін бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткіш стеллаға гүл шоқтарын қойды.