Алакөлде шомылу маусымы қашан басталатыны белгілі болды

Автор: Бақыт Шынар

Қазір бірнеше жағалаудың инфрақұрылымы жаңарып жатыр

Фото: istockphoto.com

Ертең, 15 маусым күні Алакөлде шомылу маусымы басталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазір Ақши мен Көктұма ауылдарында инфрақұрылым жаңарып, қауіпсіздік күшейіп жатыр, деп хабарлаған әкімдік.

Жағалауда жеті пирс салынып, 30 киім ауыстыратын кабина мен 45 биоәжетхана ашылады деген жоспар бар. Сонымен қатар аумаққа қоқыс жәшіктері қойылып, тазалық жұмыстары күшейеді.

Демалушылардың қауіпсіздігі үшін 31 құтқару мұнарасы орнатылған. Шомылуға арналған аумақтар арнайы қалқыма белгілермен қоршалып, олардың ұзындығы 13 шақырымға жетеді.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда Абай облысының әкімі Берік Уәли президентке Алакөлдің туристік әлеуеті туралы есеп берген. 

Тегтер: