Зерендіде прокурорлар шаруалардан 800 гектарға жуық жерді тартып алды

Автор: Асыл Арман

Прокуратураның мәліметінше, жер телімдері шаруаларға заңсыз жолмен берілген

Фото: ЖИ арқылы жасалды/Google Gemini

Ақмола облысының Зеренді ауданында прокуратура 800 гектарға жуық жерді мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокурорлар Зеренді ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің қызметіне жүргізілген тексеріс барысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұсыну кезінде жер заңнамасының талаптары өрескел бұзылғанын анықтады.

Белгілі болғандай, аудан әкімдігінің лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасының Жер кодексі талаптарын бұза отырып, заңды тұлғаларға бау-бақша өсіру үшін жер уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен негізсіз телімдерін ұсынылғаны анықталды. Алайда мұндай жер телімдерінің ұсынылуы тек жеке тұлғаларға ғана тиіс.

Бұдан бөлек, жер телімдері конкурстық рәсімдерді айналып өтіп берілген, сондай-ақ олардың аумағы заңда белгіленген шекті нормалардан бірнеше есе асып кеткен.

«Прокурорлық қадағалау актілері бойынша лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылып, жалпы ауданы 788 гектарды құрайтын, құны 189 млн теңгеден асатын 12 жер телімін мемлекет меншігіне қайтару туралы сот шешімдері шығарылды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда және аудан прокуратурасының бақылауында тұр», – делінген прокуратураның хабарламасында.