Астанада Калашников автоматын ұстаған әйел адам жұртты шошытты (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Елордада қоғамдық тәртіпті бұзған азаматша жауапқа тартылды

Фото: Видеодан скрин

Астанада Калашников автоматын ұстаған әйел адам айналасындағы жұртты шошытты. Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында оны анықтап, ұстап әкетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, әйел адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Оның қолындағы заттың ойыншық автомат екені анықталды.

Сот шешімімен оған 20 айлық есептік көрсеткіш  мөлшерінде айыппұл салынды.

«Полиция қоғамдық тәртіпті бұзатын және азаматтардың алаңдаушылығын тудыратын кез келген әрекет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылыққа әкелетінін ескертеді. Елорда тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық тәртіп нормаларын сақтауға және айналасындағыларға құрметпен қарауға шақырамыз», – делінген ПД хабарламасында.