Жаңбыр, аптап ыстық: 11 маусымға арналған ауа райы болжамы

Автор: Алмас Ерсін

Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде жаңбыр мен найзағай күтілсе, оңтүстік пен батыста ауа температурасы +35 градусқа дейін көтеріледі

Фото: © istockphoto.com

11 маусымда Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады. Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, екпінді жел соғуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +26…+28°C болады.

Алматыда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +25…+27°C.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +32…+34°C.

Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +27…+29°C.

Ақтөбеде құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +23…+25°C.

Атырауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +19…+21°C, күндіз +32…+34°C.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты ауа райы болады. Күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +27…+29°C.

Қарағандыда құбылмалы бұлтты. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +26…+28°C.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Таңертең және күндіз ара-тұра жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +22…+24°C.

Қонаевта құбылмалы бұлтты. Түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей уақытта жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +28…+30°C.

Қостанайда бұлтты ауа райы күтіледі. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +22…+24°C.

Қызылордада құбылмалы бұлтты ауа райы болады. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрып, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +31…+33°C.

Павлодарда құбылмалы бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +30…+32°C.

Петропавлда бұлтты ауа райы күтіледі. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз дауыл тұрып, бұршақ түсіп, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +24…+26°C.

Семейде құбылмалы бұлтты ауа райы болады. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +31…+33°C.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты. Өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +26…+28°C.

Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +30…+32°C.

Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +33…+35°C.

Оралда құбылмалы бұлтты ауа райы болады. Түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрып, жел күшеюі мүмкін. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +28…+30°C.

Өскеменде құбылмалы бұлтты. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +31…+33°C.