Алматыда түнгі 3-те дрифт жасаған жүргізуші темір торға қамалды

Автор: Асыл Арман

Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды

Фото: Видеодан скрин

Алматыда түнгі сағат 3-те дрифт жасаған «BMW» автокөлігінің жүргізушісі темір торға қамалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, түнгі сағат үш шамасында ол жол қозғалысы ережелерін елемей, көшеде дрифт жасап, айналасындағылардың қауіпсіздігіне қатер төндіріп, қоғамдық тыныштықты бұзған.

Полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын анықтап, оны ұстады. Жүргізушіге қатысты бірден алты әкімшілік құқық бұзушылық бойынша материалдар рәсімделді.

«Көлік арнайы айып тұрағына қойылды. Сот шешімімен құқық бұзушы әкімшілік қамауға алынды. Алматы қаласының полициясы жол қозғалысы ережелерін сақтау және айналадағы адамдарға құрметпен қарау әрбір азаматтың міндеті екенін еске салады. Қала тыныштығы мен жолдағы қауіпсіздікке бейжай қарамаңыздар», – делінген қалалық ПД хабарламасында.

Тегтер: