10.06.2026, 15:45
Жаңалықтар
Шахтинск қаласының тұрғыны үйінің ауласын есірткі алқабына айналдырған
Оның ауласынан 543 түп қарасора табылды
Фото: Қарағанды облысы ПД
Қарағанды облысында Шахтинск қаласының тұрғыны үйінің ауласын есірткі алқабына айналдырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция қызметкерлері Қарағандының шеткері ауданындағы жеке үйлердің бірінен ірі есірткі алқабын тапты.
Үй иесінен күтіп-бапталған 543 түп қарасора, гараждан өткен жылғы өнімнен қалған 54 түп кептірілген марихуана және есірткі тұтынуға арналған құралдар табылды.
«39 жастағы үй иесі бұл өнімнің бәрін «тек жеке пайдалану үшін өсірдім» деп ақталуға тырысқан. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер есірткінің айналымға түсу арналарын анықтап жатыр», – делінген облыстық ПД хабарламасында.
Көп оқылған
24.10.2026, 08:31
Петропавлда қыз жүріп келе жатқан көліктен секіріп кетіп, басқа көліктің астына түсті
24.10.2026, 12:31
Астанада автобус жүргізушісіне тап берген азамат ұсталды (ВИДЕО)
24.10.2026, 14:42
Алматы облысында жеңіл көлік дүкен ішіне басып кірді (ВИДЕО)
24.10.2026, 06:24
Атыраудағы НЗМ мұғалімі оқушымен хат алмасқаны үшін жұмыстан шығарылды
24.10.2026, 11:02
Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды