Қайғылы оқиға Қостанай-Әулиекөл-Сұрған тасжолының 129-шақырымында болды
Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, салдарынан екі адам тіл тартпай кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қайғылы оқиға Қостанай-Әулиекөл-Сұрған тасжолының 129-шақырымында болды. «Mazda» мен «Chevrolet Cobalt» автокөліктері соқтығысып қалған.
Апат салдарынан «Mazda» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал «Chevrolet Cobalt» көлігіндегі үш адам жедел жәрдем көлігімен Әулиекөл аудандық ауруханасына жеткізілді.
Полиция аталған ақпаратты растап, тергеу басталғанын хабарлады.