Степногорскте 6-қабаттан секірмек болған бойжеткенді полицей соңғы сәтте құтқарып қалды (ВИДЕО)

Оқыс оқиға бүгін таңғы сағат 06:45 шамасында болды

Степногорскте 6-қабаттан секірмек болған бойжеткенді полицей соңғы сәтте құтқарып қалды (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Степногорскте 6-қабаттан секірмек болып, балконның шетіне шығып алған бойжеткенді полиция құтқарып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқыс оқиға бүгін, 10 маусым күні таңертең болды. Аға лейтенанттар – Ерсайын Ақсарин мен Батырхан Шәкір құрамындағы патрульдік взводының экипажына сағат 06:45 шамасында дабыл келіп түсті. Тұрғындар полицияға алтыншы қабаттың балконындағы жанжал мен қыз туралы хабарлаған.

«Полиция оқиға орнына дереу келді. Олармен бірге кезекші учаскелік полиция инспекторы капитан Айбек Жамбылов та шықты. Алтыншы қабатқа көтерілген қызметкерлер қыздың балкон таянышынан секіруге дайын тұрғанын көрді. Жағдайдың қауіптілігін түсінген полиция қызметкерлері жылдам әрі үйлесімді әрекет етті. Полиция капитаны Айбек Жамбылов қыз баланы әңгімемен көңілін бөліп, байланыс орнатуға тырысып жатқанда, Ерсайын өз қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, қызды ұстап алып, балконға тартып алды. Құтқару операциясы жедел басқару орталығының камераларында тіркелді, соның арқасында қайғылы оқиғаның алдын алған полиция қызметкерлерінің ерлік әрекеттерінің сәтін түсіруге мүмкіндік туды. Қыз құтқарылып, медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Болжам бойынша, мұндай қадамның себебі жігітпен жанжал болуы мүмкін», – делінген облыстық ПД хабарламасында.