Биыл 50-ден астам көппәтерлі тұрғын үй кешені жөнделеді
Нұр-Сұлтан әкімдігі карантин басталғаннан бері азаматтарды қабылдауды тоқтатқан жоқ. Тұрғындарды қабылдау онлайн-форматқа ауыстырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Азаматтардың көтерген мәселелердің орындалу барысын қарау және бақылау үшін электронды карталар жүйесі құрылды.
«Қабылдауда көтерілетін негізгі мәселелердің қатарына жұмысқа тұру мен тұрғын үй жағдайын жақсарту жатады. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бағдарламасы бойынша қасбетті нығайту, шатырды ауыстыру, кіреберістерді жөндеу және т.б. жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл 50-ден астам көппәтерлі тұрғын үй кешенін жөндеп, 130-дан астам лифтті ауыстырамыз. Атқарылып жатқан жұмыстар тұрғын үй жағдайын айтарлықтай жақсартады», – деп жазды Алтай Көлгінов өзінің Инстаграм парақшасында.
Оның айтуынша, апатты жағдайдағы ескі үйлерді сүру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тізімде салынғанына 90 жыл болған үй де бар.