Президент корольдің жауапты қызметіне толағай табыс тіледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания короліне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев II Абдалла бен әл-Хусейн мен оның отандастарын Иорданияның төл мерекесі – Корольдің таққа отырған күнімен құттықтады.
«Мемлекет басшысы екі ел арасындағы достық пен өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді. Президент корольдің жауапты қызметіне толағай табыс, ал Иордания халқына құт-береке тіледі», – делінген Ақорданың хабарламасында.