Маңғыстау облысында қарақұйрық аулаған браконьерлер ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Инспекторлар Қарақия ауданында рейд жүргізді

Фото: facebook.com

23 шілдеде Маңғыстау облысының Қарақия ауданында орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі инспекциясының мемлекеттік инспекторлары мен аудандық учаскелік полиция қызметкерлері рейд жүргізді. Рейд барысында жедел топ браконьерлерді ұстады. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Тексеру барысында автокөліктен төрт қарақұйрықтың тұтас тушасы, серия мен нөмірсіз 2 қару анықталды. Оқиға орнына аудандық полицияның жедел-тергеу тобы шақырылды. Іс материалдары полицияға тапсырылды», - деп жазды ол.