Жалпы саны 13 адам құтқарылды
Қарағанды облысының Теміртау қаласында бесқабатты үйден өрт шығып, 13 адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 6-шағынауданындағы бесқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында болған. ТЖМ мәліметінше, қоқыс пен кіреберістегі екі есік блогы жанды.
«Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ бөлімшелері құтқару қалпақтарының көмегімен 13 адамды, оның ішінде 7 баланы құтқарды. Өрт қысқа мерзімде толық сөндірілді. Оқиғаның себебі анықталып жатыр», – делінген ТЖМ хабарламасында.
Өрт шыққан жағдайда сабыр сақтап, дереу 112 нөміріне хабарлау, мүмкіндігінше қауіпті аймақтан шығу және құтқарушылардың нұсқауларын қатаң сақтау қажет.