Қазақстан Ұлттық банкі белгілеген бағам белгілі болды
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,46 теңгеге арзандап, 484,78 теңгені құрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Ұлттық банкінің 8 маусымға белгілеген ресми доллар бағамы – 487,44 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 485,29 теңге болса, сату бағамы – 487,46 теңге.
Астанадағы айырбастау пунктерінде доллар орта есеппен 483,01 теңгеден сатып алынып, 490,01 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Шымкенттегі айырбастау пунктерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 485,4 теңгені, ал сату бағамы 487,48 теңгені құрайды.