«Елім-ай» командасының футболшысы Қарағанды маңында жол апатынан қаза тапты

Автор: Асыл Арман

Оның футболдағы жолы 2015 жылы «Шахтер-Булат» командасынан басталған

Фото: Instagram/futsalkazakhstan

29 жастағы семейлік «Елім-ай» клубының ойыншысы және «Скаут» балалар клубының жаттықтырушысы Илья Буртовой Қарағанды – Абай тасжолында болған жол-көлік оқиғасында қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Спортшы ауыр халде көпсалалы ауруханаға жеткізілген, алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алған жоқ.

Буртовойдың футболдағы жолы 2015 жылы «Шахтер-Булат» командасынан басталғаны белгілі. Ол футзалдан Қазақстан кубогында «Прогресс» командасында өнер көрсеткен, сондай-ақ елдің ең мықты әуесқой командаларының бірі – FC BIRLIK сапында ойнаған. 2025 жылы Қазақстан кубогы мен Бірінші лигада «Елім-ай» клубының намысын қорғаған.

Айта кетейік, осыған дейін «Ақтөбенің» жас футболшысы туыстарымен бірге қайғылы жағдайда көз жұмғаны хабарланған.