Бірқатар өңірде найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауады, кей жерлерде бұршақ түсіп, жел күшейеді
6 маусымға Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы таулы және тау бөктеріндегі аудандарда секундына 15–20 метрге дейін жетеді. Облыс аумағында жоғары өрт қаупі сақталады, ал орталық бөлігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Шымкентте өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Солтүстік-батыс желінің екпіні 15–20 м/с жетеді. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында да жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының орталығы мен оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ал облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Қызылорда қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз таулы аудандарда қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы облыстың шығысында және таулы аудандарында 15–20 м/с жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, ал солтүстік, шығыс және оңтүстік бөліктерінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Талдықорғанда өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде және орталығында күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында күндіз кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде түнде жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз жаңбыр мен найзағай сақталып, облыстың батысы мен солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Солтүстік-батыс желі күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында 15–20 м/с дейін күшейеді. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қаласында жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі.
Маңғыстау облысының солтүстігі мен орталығында күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Оңтүстік-шығыс желі күндіз облыстың солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15–20 м/с дейін күшейеді. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыс желі облыстың батысы мен солтүстігінде 15–20 м/с жетсе, күндіз кей уақытта екпіні 23–28 м/с дейін күшейеді. Облыстың оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады. Оңтүстік-батыс желінің екпіні 15 м/с жетеді.
Атырау облысының батысы мен солтүстігінде күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Облыстың оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Атырау қаласында күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады.
Ұлытау облысында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында да жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының шығысында күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады, ал шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Батыстан соғатын желдің екпіні облыстың батысында күндіз 15–20 м/с жетеді. Күндіз аптап ыстық болып, ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодар қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының шығысында күндіз найзағай болады. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі, ал оңтүстігінде төтенше өрт қаупі болжанып отыр.
Абай облысында күндіз аптап ыстық болып, ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Солтүстік-батысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталса, орталық бөлігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Семей қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыс желінің екпіні облыстың оңтүстігі мен шығысында 15–20 м/с жетеді. Облыстың оңтүстігінде, шығысында және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай қаласында таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде және таңертең тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде жаңбыр жауып, найзағай болады, облыстың батысы мен оңтүстігінде дауыл күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ және дауыл болады. Облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыс желі түнде облыстың батысы мен оңтүстігінде 15–20 м/с жетсе, күндіз 15–20 м/с, ал батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде екпіні 23–28 м/с дейін күшейеді. Петропавлда жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз бұршақ пен дауыл күтіледі. Желдің екпіні күндіз 25 м/с дейін жетеді.
Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Батыс және солтүстік-батыс желі облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында 15–20 м/с дейін күшейеді. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, ал батысында жоғары өрт қаупі болады. Алматы қаласында өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Батыс және солтүстік-батыс желінің екпіні күндіз 15 м/с жетеді. Қонаев қаласында түнде және таңертең өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Батыс және солтүстік-батыс желінің екпіні түнде 18 м/с жетеді. Іле Алатауының таулы аймақтарында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аумақтары) өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Батыс және солтүстік-батыс желі кей уақытта 15–20 м/с дейін күшейеді.