ҰҚК-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі мамыр айындағы жұмысын жариялады
Биыл мамырда 83 сыбайлас жемқорлық іс тіркелді. ҰҚК бір айда атқарылған жұмыстың нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі пара алу, тонау, алаяқтық сияқты қылмыстарға қатысты.
Қылмыстық істер бойынша 45 адам күдікті деп танылды. 85 қылмыстық істің тергеуі аяқталды, оның 66-сы сотқа жолданды.
«Анықталған залал сомасы (аяқталған қылмыстық істер бойынша) 1,5 млрд теңгені құрады. Бюджетке 835,3 млн теңге қайтарылды. Бағасы 11,2 млн теңге болатын мүлікке тыйым салынды», – делінген ҰҚК хабарламасында.